Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбатында ең өзекті, маңызды тақырыптар талқыланды. Соның бірі жасанды интеллект.
Жасанды интеллект уақыт талабынан туған өте өзекті мәселе. Ел дамуының басты тетігі де осы деп білемін. Президент ЖИ-ді білім беру саласының қозғаушы күшіне айналдыру қажеттігін нақты атап өтті. Президент атап өткендей, ЖИ дәуірінде ең бастысы – адами капитал. Сондықтан біз оқушыларға тек технологияны қолдануды ғана емес, сыни ойлау, жауапкершілік пен ұлттық құндылықтарды қатар сіңіруіміз қажет. Жасанды интеллектті игерген, бірақ ұлттық болмысы берік ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі ұстаздың басты міндеті деп санаймын. ЖИ оқушылардың жеке қабілетіне қарай білім алуға мүмкіндік беріп, мұғалімнің жұмысын жеңілдететін тиімді құрал бола алады.
Алайда, ол мұғалімді алмастырмайды, керісінше ұстаздың шығармашылық және тәрбиелік рөлін күшейтуі тиіс. Білім саласы уақыт талабына сай жасанды интеллекті қолдана білсе біраз жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Қазіргі ұрпақ ЖИ-ді жақсы меңгереді. Сол себепті оларға бағыт-бағдар беріп, жөн сілтеу біздің міндетіміз.
Жеңісбек ҚОЖАҒАЛИ,
Ш.Еркінов атындағы орта мектебінің мұғалімі



