Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам

Қазақстан Республикасының Конституциялық реформалар жөніндегі комиссиясы жаңа Ата Заңның жобасын жариялады.

Құжат қоғамнан түскен ұсыныстарды саралау, ашық қоғамдық талқылаулар өткізу және жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты пысықтау нәтижесінде әзірленген. Жоба азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың пікірлерін ескере отырып дайындалды. Бұл – құқықтық жүйені жетілдіруге, мемлекеттік басқару құрылымын жаңғыртуға және ел дамуының заманауи талаптарына сай берік құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

 Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бір палаталы Парламент құру бастамасына негізделіп отыр. Президент бұл ұсынысты 2025 жылғы 8 қыркүйектегі халыққа арнаған Жолдауында жариялап, саяси жүйені кешенді түрде жаңғырту қажеттігін атап өткен болатын. Жаңа Ата Заң жобасы елдің саяси құрылымын жетілдіруге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған. 

Әліби ҚАЛИЕВ,

ауыл белсендісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT