Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Алкогольсіз аула» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

2026 жылғы 19–21 ақпан аралығында Қызылқоға ауданы аумағында «Алкогольсіз аула» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың алдын алу, аула аумақтарында құқық бұзушылықтарға жол бермеу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Профилактикалық шара барысында полиция қызметкерлері аулаларды аралап, тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, заң талаптарын еске салуда. Сонымен қатар, құқық бұзушылық анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Құрметті аудан тұрғындары! Қоғамдық тәртіпті сақтау – баршамызға ортақ міндет. Тыныш әрі қауіпсіз аула қалыптастыруға бірге атсалысайық.

Қызылқоға ауданы Полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT