Президенттің Қаржылық мониторинг агенттігіне қатысты айтқан сөзі мемлекет қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі институционалдық жауапкершіліктің маңызын айқын көрсетеді.
Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары арасындағы үйлесімді әрекеттің стратегиялық мәніне ерекше тоқталып, ведомствоаралық бақталастық пен құзыреттердің қайталануы ұлттық мүддеге тікелей қауіп төндіретінін нақты атап өтті.
Президенттің «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» деген ұстанымы Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлерінің кәсіби ғана емес, азаматтық борышын да айқындайды. Әр қызметкердің адалдығы, ар тазалығы мен антқа беріктігі – әділетті мемлекет құрудың берік іргетасы. «Заң мен тәртіп» қағидатының ұран емес, күнделікті қызмет пен жеке жауапкершіліктен басталуы керектігі де – қоғамға берілген маңызды бағдар.
Әділетті, Қауіпсіз, Күшті және Таза Қазақстанды құру – заң мен тәртіпке, адалдық пен бірлікке негізделген ортақ мақсат екені айқын көрсетілді.
Камшат ӨТЕПОВА,
Мансап орталығының маманы



