Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасына ұсынылған өзгерістер – мемлекет дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды бастама.
Бұл құжат елдегі құқықтық жүйені жетілдіруге, әділдік пен заң үстемдігін нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, Конституцияда әлеуметтік бағыттағы нормаларға ерекше назар аударылған. Білім беру, денсаулық сақтау, еңбек ету және әлеуметтік қорғау салаларындағы кепілдіктер нақтыланып, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіледі. Жалпы, жаңа Конституция жобасы – елдің тұрақты дамуына, қоғамдық келісімді сақтауға және құқықтық мемлекетті нығайтуға бағытталған стратегиялық құжат.
Дархан ӘБИЕВ,
ауыл тұрғыны




