Облыс прокуратурасы Қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру үшін «5 минуттық құндылықтар» жобасын әзірледі.
Ағымдағы жылы жастар мен кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтар алаңдаушылық тудырып отыр. Жобаның міндеті – эмоционалды интеллектті дамыту, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, адамдарға, қоршаған ортаға, еңбекке, заңға құрметпен қарауды үйрету, позитивті мектеп ортасын, сынып қауымдастығын және командалық рухты қалыптастыру. «5 минуттық құндылықтар» аптаның әр күні (дүйсенбі – жұма) сабақ басталар алдында сыныпта 5 минут бойы белгілі бір тақырыпты түсіндіру түрінде өткізіледі. Нәтижесінде бір тақырыптың бір күн бойы талдануы балалардың санасында оның жақсы бекінуіне септігін тигізеді. Кейін тоқсан қорытындысы бойынша оқушылар арасында өткен тақырыптардан сайыстар ұйымдастырылады. Күтілетін нәтиже: – құндылықтардың қалыптасуы (құрмет, жауапкершілік, адалдық, достық, қамқорлық); – қауіпсіз және салауатты өмір салты ережелерін түсіну; – саналы таңдау жасап, өз іс-әрекетіне жауапкершілік алу қабілеті; – қақтығыстар, тәртіп бұзушылықтар, жанжалдар мен агрессияның азаюы; – мектепте және оның сыртында мінез-құлық ережелерін сақтау, қарым-қатынас мәдениетінің артуы. Осы орайда, «5 минуттық құндылықтар» жобасы аясында мектеп ұстаздарына және оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, нашақорлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, буллинг, кибербуллинг және күш көрсетудің алдын алу тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



