Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

НАРЫҚТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҮДЕРІСІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық  интеграция» атты Жоғары Еуразиялық  экономикалық форумда 2020 жылы Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қабылданғанын атап өтті. 

- Экономикалық интеграция түпкі мақсат емес. Бұл тек ұйымға мүше мемлекеттердің экономикасын дамытудың және халықтарының әл-ауқатын жақсартудың бір құралы екенін түсіну маңызды. Сондықтан экономикалық интеграцияның жетістігі стратегиялар, келісімдер және шешімдердің санымен емес, керісінше, жаңа өндірістер, технологиялар және жұмыс орындарымен бағаланады. Біз үшін, 2015 жылғы шартта көрсетілгендей, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие, - деді мемлекет басшысы. 

Иә, сонымен қатар, форум барысында ендігі Одақты дамытудың жаңа басымдықтарын  айқындау бағытында сөз болды. Кез келген ғимаратты алатын болсақ, оның іргетасы дұрыс қалануы тиіс. Сол себепті де, инфрақұрылымға тең дәрежеде қол жеткізіп,  әділ бәсеке, тең құқық және ұлттық мүддені ескеру маңызды қағидат болып саналады. Ал, оны мүлтіксіз орындау, форумның маңыздылығы да сол болып отыр. 

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз