Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстан азық-түлік жеткізуші аймақтық хабқа айналуға дайын – Мемлекет басшысы

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетін пайдалану - әлемдік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге даму құқығын қамтамасыз ете отырып, жаһандағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал ететін жаңа бағамдар керек. Ол үшін Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаттары мен ережелеріне негізделген ашық, анық әрі инклюзивті көпжақты сауда жүйесі қажет. Сонымен қатар бізге жаһандық азық-түлік қауіпсіздігінің анағұрлым мінсіз жүйесін құруды ойластырған жөн. Былтыр дүниежүзі халқының 10 пайызға жуығы аштықпен бетпе-бет келді», - деп тоқталды Мемлекет басшысы.

Бұл мәселенің шешімі ретінде Президент өндіріс көлемін және азық-түлік тауарларының экспорты мен импортына қатысты ақпаратпен еркін алмасу ісін жандандыру қажет деген бастама көтерді.

«Біз халықаралық қауымдастықтың азық-түлік дағдарыстарына төтеп беру шараларын қаржыландыруына ашық мониторинг жүргізуді бірлесіп қамтамасыз етуіміз керек. Қазақстан азық-түлік жеткізуші аймақтық хабқа айналуға дайын. Ол үшін бізде барлық қажетті ресурс, инфрақұрылым және логистика бар. Еліміз қазірдің өзінде Еуропа мен Азия арасындағы құрлықтық жүк тасымалының 80 пайызға жуығы өтетін сенімді бағыт саналады. «Орта дәліз» аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағдары Шығыс пен Батыс арасындағы өзара қатынастарды едәуір нығайта алады. Бұл көлік бағдары маңызды нарықтар арасындағы сауда қарқынын ұлғайтып, теңіз жолымен жүк тасымалдауға кететін уақытты екі есеге жуық қысқартуға мүмкіндік береді», - деді Президент.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT