Қазіргі жаһандану дәуірінде жас ұрпақтың отаншылдықты қабылдау формасы мүлде жаңа сипатқа ие болды. Президент Жолдауында да атап өтілгендей, бүгінгі көкірегі ояу, санасы сергек жастар үшін патриотизм – ұрандату немесе даурыға сөйлеу емес. Олар әсіреұлтшылдық пен әсіредіншілдікті қолдамайды, керісінше, ұлттың дамуына нақты үлес қосуды нағыз отаншылдық деп түсінеді.
Бүгінгі буынның патриотизмі – жаңа идеяға ашық болу, қоғамға пайда әкелу, цифрлық білім алу, сапалы еңбек ету және елдің өркендеуіне өз мүмкіндігінше үлес қосу. Олар үшін Отанға деген сүйіспеншілік — технология жасап, бизнес құрып, өз саласында жаңашылдық енгізіп, Қазақстанды жаһандық бәсекеге қабілетті елге айналдыруға атсалысу.
Мемлекет жастардың осы энергиясын, білімін және жаңашыл көзқарасын қолдап, жаңа реформалар арқылы олардың әлеуетін толық ашуға жағдай жасауда. Бұл – еліміздің болашағы үшін маңызды қадам.
Жасампаздық пен жаңашылдыққа негізделген қазіргі буынның патриотизмі – Қазақстанды жаңа деңгейге көтеретін күш.
Азамат ТІЛЕК,
белсенді жас



