Әр саланың өзіне тән жауапкершілігі мен талабы бар. Сол салалардың ішінде ерекше маңызға ие мамандықтардың бірі – электрші.
Электрші – күн сайын ауданның жарық жүйесін қалыпты ұстап, тұрғын үйлер мен қоғамдық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген маңызды қызметкер. Қала немесе ауыл атаулының бәрі де жарықсыз, электрсіз өзінің толыққанды қызметін атқара алмайды. Сондықтан осы мамандық иелері аудан өмірінің ең өзекті салаларының бірінде жұмыс істейді.
Олардың еңбегі көпшілікке байқала бермейді, алайда әрбір үйдің шамы жанып тұруы, мекемелердің үздіксіз жұмыс істеуі, көшелердің жарықтандырылуы – осы мамандық иелерінің біліктілігі мен тиянақтылығының нәтижесі.
Электрші мамандығы – аудан үшін аса қажет, өмірлік маңызы бар сала. Адал еңбегімен қоғамға қызмет етіп жүрген осындай жұмысшы мамандардың мәртебесін көтеру – ортақ міндетіміз.
ГҮЛДАНА ЖОЛДАСҚАЛИ,
Махамбет ауданы



