Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

6 қыркүйекте Атырау облысындағы Ақжайық ауылында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовтың қатысуымен жаңа спорт кешенінің ашылу рәсімі болды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов пен спорт ардагері Жылқайдар Сұлтанов салтанатты түрде лентасын қиған ғимарат замануи стандарттарға сай жарақталған. Бұнда ауыл жастары баскетбол, гандбол, волейбол, мини-футболмен айналысатын болады, басқа да спорт залдары бар. Кешеннің сыйымдылығы - 160 адам.

keshen1

- Елбасы Н.Назарбаев қазақстандыктардың өніп - өсуіне барлық жағдайды жасады. Сондықтан, күш-жігерлеріңді, мектептен алған білімдеріңді, үйден алған тәрбиелеріңді ұштастырып, нағыз азамат болыңдар, - деп тілегін білдірді ашылу салтанатында сөз сөйлеген Н.Ноғаев.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: Өкқ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521