Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында болашақ заңгерлермен құқықтық дәріс өтті

Қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі ең алдымен заңды құрметтейтін және құқықтық жауапкершілікті сезінетін азаматтарды тәрбиелеуден басталады. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің құқықтану мамандығының студенттеріне «Қылмыс формуласы» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидасын ілгерілету және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Кездесу барысында студенттерге құқық бұзушылық пен қылмыстың салдары, заң талаптарын сақтау мен өз құқықтарын білу және қорғаудың маңызы туралы кеңінен түсіндірілді. Тәртіп сақшылары жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлеріне тоқталып, одан сақтанудың жолдарын айтты.

- Ұрлық, төбелес, буллинг, интернет алаяқтық сияқты әрекеттер кейде жеңіл көрінуі мүмкін, бірақ олар құқықтық жауапкершілікке алып келеді. Сондықтан әрбір әрекеттің саласын ойлап, дұрыс шешім қабылдау өте маңызды. Заңды құрметтеу – өзіңді қорғаудың кепілі, - деді Атырау ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Айбол Ідірісов.

Кездесу соңында болашақ маман иелері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәртіп сақшыларынан нақты жауаптар алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT