Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық басты назарда

Атырау қалалық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамымен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында әкімшілік қамауда жатқан азаматтармен кездесіп, олармен арнайы профилактикалық әңгіме жүргізді.

Кездесу барысында,  инспекторлар тұрмыстық жанжалдың құқықтық салдарын, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлерін түсіндіріп, отбасы ішіндегі агрессияның адамдардың денсаулығына, психологиялық ахуалына, балалардың дамуына тигізетін кері әсеріне тоқталды. Сонымен қатар,  полицейлер жанжалдардың алдын алу жолдары мен даулы жағдайларды құқықтық тұрғыда дұрыс шешудің маңыздылығын атап өтті. Имам тарапынан отбасы құндылықтары, сабырлық, өзара сыйластық және жауапкершілік жөнінде насихат айтылып, қатысушыларға діни тұрғыдан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, республика көлемінде 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне назар аудару, құрбандардың құқықтарын қорғау және қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн іс-әрекет» атты акция өтуде. Акция шеңберінде құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар аталған мәселеге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, зардап шеккендерге қолдау көрсету шараларын жүзеге асыруда.

Егер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда, 102, 98-10-99  нөмірлеріне хабарласуға болады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT