Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТҮНГІ ПАТРУЛЬДЕ – ӘКЕЛЕР

Жасөспірімдердің құқықбұзушылық жасап, қылмысқа ұрынбауын қадағалау  тек тәртіп сақшылары мен педагогтардың ғана міндеті емес. Оған үйдегі үлкендер, соның ішінде әкелер де жауапты болып, бала тәрбиесіне белсене араласуы тиіс. Соған сай, аудан көлемінде облыстық білім беру басқармасының тапсырысымен «Ұрпағыңмен мың жаса» жобасы аясында «Әкелер патрулі» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – кешкі мезгілде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың қоғамдағы жауапкершілігін арттыру. 
Аудан әкімдігі алдында бастау алған іс-шараға тәртіп сақшылары, педагогтар, мектептердегі әкелер комитетінің өкілдері қатысты. Шараны ашқан аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфайрус Әнжанова: 

–  Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу баршамызға ортақ міндет. Бұл ретте, әкелердің тәлімі мен тәрбиесі басым болуы тиіс. Бүгінгі іс-шара әкелердің жауапкершілігін арттырып, жасөспірімдердің құқықбұзушылығын алдын алады деп есептейміз. Сонымен қатар, мектеп пен әкелер арасындағы байланысты нығайту да аса маңызды. Әке жүрген жерде тәртіпте қатар жүреді. Сондықтан барша әкені осынау іс-шараға белсене қатысуға шақырамын, - деді.

Бұдан соң аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Әсет Сағынтаев «Әкелер патрулі» іс-шара барысында жасалатын жұмыстарды түсіндіріп өтті. 
Бұдан соң әр мектептің әкелер кеңесінің мүшелері, педагогтер, полиция қызметкерлері арнайы топтарға бөлініп, мезгілсіз уақытта заңды өкілінсіз жүрген жасөспірімдерді анықтау мақсатында ауыл көшелерін аралап, жайсыз отбасылардың жағдайымен танысты. Патрульдік іс-шара барысында көшеде кездескен жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына түсінік жұмыстары жүргізілді. 

Дулат МӘТЖАН

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT