Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Балабақша мамандары «Болашақпен» оқуы мүмкін

Сурет: massaget.kz
Сурет: massaget.kz

Осы оқу жылының басынан бері балабақшаларда 35,7 мың жаңа орын пайда болды. Соның ішінде 11 600 орын – мемлекеттік, 25 600 орын – жекеменшік мектепке дейінгі ұйымда ашылып отыр. Бұл туралы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Баспасөз жиынында сөз алған Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манар Адамова 2027 жылға дейін 300 мыңға жуық жаңа орын ашу жоспарланғанын жеткізді.

«2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәр­­бие және оқытумен қам­туды ұл­ғай­ту мақсатында ми­нистрлік Мектепке дейінгі ұйым­дар желісін көбейту жө­нінде бірқатар шара қабыл­дады. Жергілікті атқарушы органдар министрлікпен келісе отырып жаңа мектепке дейінгі ұйымдар (МДҰ) және жаңа орындарды енгізудің қадамдық жос­парларын бекітті. Соған сәйкес 2023 жылдан 2027 жылға дейін 300 мыңға жуық жаңа орын ашу жоспарланған. Жыл басынан бері 35,7 мың жаңа орын ашылды. Жаңа орындарды ашу жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарды қайта құрылымдау, жаңадан салу, шағын орталықтар желісін кеңей­ту, сондай-ақ жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналас­тыру есебінен жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде балаларды қамту­дың ең жоғары көрсеткішіне Пав­лодар облысы қол жеткізіп отыр», деді спикер.

М.Адамованың айтуынша, биыл мектеп жасына дейінгі баланың жеке даму картасы цифрлы форматқа көшірілді. Бұл балалар дағдыларының дамуы мен қалыптасуын бақылауға мүм­­­кіндік береді. Картада даму­дың барлық маңызды аспек­ті­лері көрсетілген: типтік оқу бағ­дар­­ламасын игеру барысында қалыптасатын физикалық жағдай, коммуникативті, та­ным­дық, интеллектуалды, шығар­машылық, зерттеу және әлеу­меттік-эмоционалды дағды­лар. Мұндай жүйелі тәсіл сапалы білімді қамтамасыз етеді және балалардың бастауыш мек­тепте табысты бейімделуіне ықпал етеді.

«Беске дейін үлгеру» мобильді қосымшасымен ата-аналардың ерте жастағы балаларды дамыту, сондай-ақ практикалық білімін арттыру бойынша 300 мыңнан аса ата-ананы қамту жоспарланып отыр. «Беске дейін үлгеру» мобильді қосымшасы толығымен тегін әрі мессенджерлер, ата-аналарға ар­налған кеңес беру пункттері, басқа да қолжетімді тәсілдер арқылы таратылады. Нәтижесінде, ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, дамыту, олармен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша әдістемелік және пси­хо­логиялық сүйемелдеу алады. Биыл жазғы кезеңде 115 мың мектепке дейінгі жастағы балалар 5,1 мың педагогтің қатысуымен 2900 мектеп базасында «Балақайлар мектебі» қысқамерзімді курсымен қамтылды. Синхрондау және мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету шеңберінде бала­ның жеке даму картасы цифр­ландырылды, бұдан әрі 1-сынып мұғалімдеріне беріледі. Бұл біз­дің тәрбиешілерге әр баланың дамуы­ның одан әрі жеке траекториясын дұрыс құруға көмектеседі», деді М.Адамова.

Спикердің сөзіне сүйенсек, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша кадрлар даярлау 119 колледжде (оның ішінде 37-сі – мемлекеттік), мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы бағыты бойынша 39 ЖОО-да жүзеге асырылады. Биыл осы бағыт бо­йынша 1268 грант бөлінді. Министрлік Ғылым және жоға­ры білім министрлігімен бір­­лесіп «Болашақ» халықаралық стипендиясының басым бағыт­та­рының тізбесіне балаларды ерте дамыту саласының мамандығын енгізу мәселесі пысықталып жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521