Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Медицина қызметкерлерінің жалақысы артады

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында оларға арналған әлеуметтік кепілдіктер ұлғайтылып, жалақылары 20-30%-ға көтеріледі. Премьер-министрдің сөзінше, денсаулық сақтау саласында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысы жақсартылады.

«Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында оларға арналған әлеуметтік кепілдіктер ұлғайтылып, жалақылары 20-30%-ға көтеріледі. Студенттердің стипендиялары 20%-ға, магистранттар, докторанттар мен резиденттердің стипендиялары 15%-ға көбейеді», деді Смайылов.

Сонымен қатар, Әлихан Смайылов ауылдық жерлерде кемінде 80 денсаулық сақтау объектілерін салу көзделіп отырғанын жеткізді. Оның ішінде 4 инсульт орталығы және 10 балаларды оңалтуға арналған орталық ашылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT