Атырау қаласындағы №48 жалпы орта білім беретін мектепте 2 “Г” сыныбының қазақ тілі пәнінен “Lesson Study” тәсілі бойынша зерттеу сабағы ұйымдастырылды. Бұл шара елімізде білім сапасын жаңғыртуды мақсат еткен “Келешек мектептері” жобасының құндылықтарымен және бағыттарымен үйлеседі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты — оқушылардың тілдік дағдыларын дамытатын тиімді педагогикалық әдістерді анықтау, оқу үдерісін бақылау арқылы сабақ сапасын жүйелі түрде жақсарту болды.
Сабақ барысында оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын тапсырмалар орындалды.Жұптық және топтық жұмыс арқылы оқушылардың белсенді қатысуы күшейді. Мұғалімдер бірлесе талдау жасап, оқытудағы жаңа тәсілдерді бағамдады.
“Келешек мектептері” жобасының басты идеясы — мектептерде инновациялық педагогикалық мәдениетті дамыту, мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын нығайту және оқыту сапасын дәл осындай зерттеу сабақтары арқылы үздіксіз жетілдіру.
Осындай жүйелі Lesson Study тәжірибелері оқытудағы нақты өзгерістерге жол ашып, сапалы білім беру моделінің қалыптасуына ықпал етеді. Lesson Study – мұғалімнің де, оқушының да даму траекториясын айқындайтын тиімді әдіс.



