Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

9 ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы облыс әкімі Серік Шәпкеновтің баяндамасында айтылған теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бастамасы – өңір үшін аса маңызды қадам. Атырау мен аудандардағы 9 теміржол вокзалының жаңартылуы көлік қызметінің сапасын айтарлықтай арттырып, халықтың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасайды.

Заманауи стандарттарға сай жаңғыртылған вокзалдар – тек инфрақұрылым емес, өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтатын нақты инвестиция. Жолаушылар ағынын реттеп, логистиканы жақсартуға, бизнес пен туризмнің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.

Бұл қадам облыстың даму қарқынын арттырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі екенін көрсетеді. Атыраудың стратегиялық маңызы бар көлік орталығы ретіндегі рөлі одан әрі күшейе түсетіні анық.

Толқын БЕЙІСҚАЛИ,

аудандық мәслихат хатшысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT