Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназияда орналасқан №145 сайлау учаскесінде де сайлаушылар белсенділік танытуда.
Комиссия төрағасы Нұрлан Берденқұловтың айтуынша, таңғы сағат 7:00-ден бастап тұрғындар өз таңдауын жасай бастаған. Алғашқы болып ауыл тұрғыны Бекболат Нұрғалиев дауыс берсе, ерлі-зайыпты Серік Тілеубергенов пен Майжан Едігеева өз таңдауын жасап, өзгелерге үлгі көрсетті. Аталмыш учаскеде бір сағатта 30-дан астам тұрғын дауыс беріп үлгерді.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ