Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Уәде орындалуымен құнды

парақорлықпен күрес
парақорлықпен күрес

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тізімі бойынша кандидат Наурыз Сайлаубай Жетісу облысындағы «Талдықорған кабель зауыты» ЖШС ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Іс-шара барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын баяндады.

«Тәуелсіз Қазақстанда билік халыққа тиесілі болуы қажет. Қазақстан жалпыхалықтық өркендеу үшін қажетті барлық алғышартқа ие. Бірақ, өкінішке қарай, олигархат пен жемқорлық тамырының тереңге кеткені соншалық, мемлекетіміздің дамуына қатысты экономикалық және әлеуметтік күн тәртібінде тұрған көптеген жүйелі мәселе ушығып отыр. Қазақ­стан­ның барлық дерлік бағыттағы дамуы бо­йынша біз шенеу­ніктердің жарқын болашаққа қатысты біт­пей­тін уәделеріне толы әдемі саяси баяндамаларын көріп отырмыз. Жылдар өтеді, уәде етілген уақыт таяған­да бастапқы бағыттан бас тартуға түрлі сылтау табылады. Қарапайым халық жыл сайын кедейленіп барады: еліміздің ағымдағы даму деңгейі және 2022 жылдың қорытындысы бойынша 25 пайыздық азық-түлік инфляциясы – осының тікелей айғағы. Біздің мақсатымыз – азаматтардың әл-ауқат деңгейін арттыру. Бұл – партияның Парламент Мәжілісінің сайлауына түсудегі басты себептерінің бірі. Қазіргі жағдайдан мемлекетіміз тек социал-демократия идеясы арқылы шыға алатынына сенеміз. Әлеуметтік тәртіп түбегейлі қайта қарастырылуы қажет. Бүгінде біз қоғам, бизнес және мемлекетті тепе-теңдік жағдайына қайтаруымыз керек. Бұл дегеніміз – азаматтардың қайта пайда табуы, бизнестің олигархат не мемлекеттің қудалауы мен қысымынан қорықпай, адал жұмыс істеп, салық төлеуі. Біз әр шешімі азаматтарымыздың игілігіне жұмыс істеп, пайдасына асырылатын әлеуметтік-жауапты тәртіпті орната алатынымызға сенеміз», деді ол.

«Жемқорлық мемлекетті күйретеді, адамдар ара­сын­­дағы сенімді азайтады. Парақорлықпен күрес кезінде, әсіресе саяси деңгейде, батыл шаралар қол­да­ныл­­маса, еліміз тұрақты даму жолына түсе алмайды деп есептейміз. Мемлекет пен экономиканы әділ бас­қару жүйесін қалыптастыру үшін, ең алды­мен, сая­си жүйемізді өзгертуге тиіспіз», деді кандидат.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521