Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"ТІЛЕГІМІЗ - ЕЛДІҢ АМАНДЫҒЫ"

Жангелдин мәдениет үйінде орналасқан №146 сайлау учаскесінде 965 сайлаушы болса, оның 19-сі мүмкіндігі шектеулі жан.

Сайлауға қазыналы қарттарымыз ағылып келуде. Олардың ішінде, зейнеткер Ашықбай Жаңабаев отбасымен келіп өз таңдауын жасады. Ол жары Ақзира Қамешова, қызы Айнагүлмен бірге дауыс берді.

- Мәдениет үйінің қасында тұрамыз. Бейбіт елдің әнұраны естілгенде марқайып, өз дауысымызды беруге отбасымызбен келдік. Әрине, зейнеткер болғандықтан, біздің тілейтініміз елдің амандығы. Сол себепті, отбасымызбен өз дауысымыздың маңызды екендігіне сенім артып, таңдау жасадық, - дейді зейнеткер Ашықбай Жаңабаев.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT