Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТАРИХИ КҮНДЕ ТАҢДАУ ЖАСАДЫҚ

Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназияда орналасқан №145 сайлау учаскесіне де таң атқалы сайлаушылар келіп, өз таңдауын жасауда.

Солардың бірі - ардагер журналист Жолдас Жанқуатов пен жұбайы, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Айман Тасжанова.

-Аудан орталығы Миялы ауылында әкімдерді бұған дейін мәслихат депутаттары сайлап келді. Осыдан екі жыл бұрын аудан бойынша округ әкімдерін халық сайлайтын болып бекітілді. Бүгін округ әкімін сайлауға мүмкіндік алып отырмыз. Бұл да тарихи күн болғандықтан жұбайым екеуміз келіп таңдау жасадық, - дейді Қазақстанның Құрметті журналисі Жолдас Жанқуатов.

Өз таңдауын жасаған бұл отбасыға аталмыш сайлаушы учаскесінің төрағасы Берік Бейісов естелік сыйлық табыстады.

Дулат Ғұбайдуллин

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521