Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ШЕТ ЕЛДЕН БАЙҚАУШЫЛАР КЕЛЕДІ

Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына орай Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Уршула Гацекпен кездесті. Кездесу барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы ЕҚЫҰ төрағасына елімізде өтетін президент сайлауына шет елдік байқаушылар жіберу туралы шешім қабылдағаны үшін алғысын айтты. Сондай-ақ, ол елімізде сайлау процесіне қатысушыларды оқыту және мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету мәселесіне көп көңіл бөлінетінін жеткізді.


 – Одан бөлек, саяси партиялар, белсенді жастар, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдар үшін семинарлар өтіп жатыр. Жастардың назарын сайлау процесіне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан «Жас сайлаушылар клубы» құрылды. Сарапшы кеңестің құрамы жаңартылды, - деді Нұрлан Әбдіров. Өз кезегінде пікір білдірген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Уршула Гацек Қазақстан өтетін кезектен тыс президент сайлауына шет елден 330 байқаушы келетіндігін атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521