Алдағы сайлауда облыста 9 мәслихаттың 140 депутаты сайлануы тиіс.
Атырау облыстық мәслихатының 30 депутатының 50%-ы, яғни, 15-і мажоритарлық жүйе бойынша, қалған 15-і партиялық тізім бойынша сайланады. Ал, қалалық мәслихаттың 25 депутаты, аудандық мәслихаттардың 85 депутаты толықтай мажоритарлық жүйе бойынша сайланады.