Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

САБЫРЖАН - ЕҢ ЖАС САЙЛАУШЫ

Қандай іс-шара болсын үнемі белсенділік танытып жүретін Сағыз ауылының тұрғыны да аудан әкімін сайлау үшін де дауыс беру учаскесіне ағылып, өз таңдауын жасауда.

Соның бірі - Сағыз орта мектебінде орналасқан №156 учаскелік сайлау комисиясына келіп таңдауын жасаған Сабыржан Нұрланұлы. Осыдан он күн бұрын ғана 18 жасқа толған ол алғашқы сайлауына қатысып, таңдауын жасап отыр.

“Бұл менің алғашқы сайлауым. Сондықтан ерте келіп, таңдау жасағанды жөн көрдім. Осы орайда, барша құрбы-құрдасымды саяси науқанға белсене қатысуға шақырамын” дейді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT