Бүгін аудан орталығы Миялы ауылында округ әкімінің сайлауы өтуде.
Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте орналасқан 144 сайлау учаскесі жұмысын таңғы сағат жетіде бастады. Еліміздің мемлекеттік Әнұраны шырқалған соң дауыс беру ресми түрде басталды.
Алғаш болып ауыл тұрғыны Райымбек Есенбаев өз таңдауын жасады. Оған учаске тарапынан арнайы сыйлық берілді. Аталмыш сайлау учаскесінде 1714 сайлаушы бар. Дауыс беру жалғасуда.