Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мүмкідігі шектеулілерді қорғайды

«Respublica» партиясының көшбасшылары мен кандидаттары Павлодарға барды. Аймақтағы халықпен өткен ауқымды кездесуге 3 мыңнан аса адам қатысты. Кездесу бейресми түрде өтті, партия мүшелеріне кез келген адамның сұрақ қоюына мүмкіндік берілді.

Мәселен, Павлодар қаласы тұрғындарының бірі экология тақырыбына қатысты сауал қойды. «Біз партия қызметкерлерінің қағаздарды, парақшаларды таратып, плакаттар мен билбордтарды қалай іліп жатқанын көріп жүрміз. Оны басып шығару үшін қанша қағаз жұмсалды, қанша ағаш жойылды? Қанша өндірілген оттегіні жоғалтамыз? Табиғатқа келтірілген залалды қалай өтейсіздер?», деді ол. Оның сауалына партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров: «Біздің партия экологияға байыппен қарайды, біз де сіздей жағдайды бастан кешіріп жатырмыз. Дегенмен біз тек сайлау кезінде немесе одан кейін ғана емес, табиғатқа әрдайым қамқор­лық танытатынымызды баса айтқым келеді», деп жа­уап берді. Партиялықтарға қойылған тағы бір сауал мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайына қатысты болды. «Мысалы, аяқ-қолынан айырылған адамдар жыл сайын мүгедектігін растауға мәжбүр. Әр жолы комиссия алдына барып, қолдары мен аяқтары жоқ екенін дәлелдейді. Павлодар – сырқат деңгейі жоғары өңір, қалада «химиямен» тыныс­таймыз. Неліктен біз басқа мәселелермен қатар, ауру екенімізді дәлелдеуіміз керек? Бұл мәселе қашан шешімін табады?», деп сұрады жиынға келген қала тұрғындарының бірі. Бұл сауалға ауылдардың бірінде ерекше балаларға арналған оңалту орталығын ашқан әлеуметтік кәсіпкер, Мәжіліс депутаттығына кандидат Динара Наумова жауап берді. «Мен де церебралды сал ауруымен ауырамын, сон­дықтан сіздің шағымыңызды жақсы түсінемін. Мен де жыл сайын осы комиссиялардан өтіп жүрмін, тағы өтемін. Бала кезімде өзіме де сол сұрақты қойып, әжемнен «Аяқ-қолынан айырылған адамдар мүгедектер арбасында отырып, жаңа аяғы өспегенін растауы керек пе?» деп сұрайтынмын. Сайлауалды бағдарламамызда қоғамдағы инклюзивтілікті дамытуға үлкен көңіл бөлдік. Бұл елдегі мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын өзгерткіміз келетінін білдіреді. Оның ішінде қажетсіз және пайдасыз процедуралардан құтылу да бар», деді Динара Наумова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT