Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қалдықсыз қоғам – қауіпсіз ғалам

халықаралық стандарт
халықаралық стандарт

Астана қаласында «Байтақ» партиясының ұйымдастыруымен өткен «ЭкоХакатон» акциясы қоғам назарын қоқыс мәселесіне аударуды көздеді.

Жер бетіндегі күрделі экологиялық ахуалдың бірі – қалдықтардың жайы. Технологиялық үдерістің нәтижесінде көп нәрсе қолжетімді. Солардың ішінде жүздеген жылдан астам уақыт сақталатын полиэтилен пакеттері, пластикалық бөтелкелер бар. Дүниежүзілік банктің есебінше, 2050 жылға қарай әлемдегі тұрмыстық қалдықтың көлемі 3,4 млрд тоннаға жетеді. Бұл келешекте Жер планетасының үлкен қоқыс полигонына айналатынын білдіреді. Бірқатар дамушы елде қалдықты бөліп жинау мәдениеті әлі күнге жолға қойылмаған. Өкінішке қарай, бұл қатарда Қазақстан да бар.

Студенттермен кездесу барысында партия мүшесі және экобелсенді Мирас Аббасов саналы тұтынуға көшудің маңыздылығын атап өтті. «Қазіргі күні әлемді маркетолог мамандар билеп, өз тауарларын ұсынады. Ал біз өз кезегімізде нақтылай заттардың қаншалықты қажеті бар екенін санамыздан өткізуіміз керек. Мысалы, бір джинсы шалбар шығару сегіз мың литр суды қажет етеді және оған басқа да ресурстар қажет. Сондықтан әр затты алмас бұрын ой таразысынан өткізу керек», деді ол.

Астана қаласында әзірге бір ғана қоқыс өңдейтін зауыт бар. Екіншісі әзірге жоспарда ғана тұр. «Қала көшелерінде ұшып жүрген пакеттер мен шашылып жатқан пластикалық бөтелкелерді реттеу үшін «ЭкоХакатон» қатысушылары жабық қоқыс жәшігін орнатуды ұсынды. Күн сайын Астанада 50 мың полиэтилен өнімі қоқысқа жөнелтіледі», деді М.Аббасов.

Студенттерді мазалайтын экологиялық мәселелер – Есіл өзенінің ластануы мен Талдыкөл тағдыры. Сондай-ақ жастар қала тұрғындарының экобел­сенділігін арттыру мақсатында сенбілік­тердің форматын өзгертіп, экоквест, марафон сияқты қызықты іс-шараларды өткізуді ұсынды.

«Байтақ» партиясының жасыл экономика бо­йынша хатшысы Шыңғыс Лепсібаев партияның Астана аумағында ғана емес Қазақстан бойынша экологиялық жағдайды жақсартудың жос­парымен бөлісті. Байтақтар көгалдандыру мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында жаңа тәсілдерді қолдайды. Бар болғаны төрт жыл көлемінде партия мүшелері халықаралық стандартқа сәйкес келетін қала көрінісін көгал­дандыруды жоспарлап отыр.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT