Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ерекше жандар – басты назарда

партия бағдарламасы
партия бағдарламасы

«Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Ақмола облысының Қосшы қаласында инклюзивті қоғам өкілдерімен кездесу өткізді. Жиынға партиялықтар – Таңсәуле Серіков, Анас Баққожаев, Қайрат Айтуғанов, Ілияс Досхожаев, Николай Арсютин, Светлана Прокопьева, Қуаныш Сейітжанов, Айдар Саттаров қатысты.

Кездесуде ерекше қажеттілігі бар тұлғалар­дың құқықтық, әлеуметтік жағдайы талқыланды. Ауылда тұратын мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы, олардың орта, жоғары білім алу мүмкіндігі айтылды. Жиналғандар алдында сөз алған Мәжіліс депутаттығына кандидат, PhD Таңсәуле Серіков өз өмірінен мысалдар келтіріп, баянды болашақ әркімнің өз қолында екенін атап өтті.

«Ауыл» партиясына не үшін келдім? Себебі партиядан жасымас жігерді көрдім. Оның ұстанымы халықтың, әсіресе ауылдықтардың ой-арманы, мақсат-мүддесімен үндеседі. Партия бағдарламасы жаттанды құрғақ уәдеден ада. Ол ауылдық жерде кемінде 20 жыл жұмыс істеген азаматтарға зейнетақыны, онда тұратын ерекше қажеттігі бар барлық азаматқа әлеуметтік жәрдемақыны ұлғайту, аз қамтылғандар мен әлеуметтік осал топтар өкілдері үшін азық-түлік төлем жүйесін енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасап жүр. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» демекші, біз біріксек, талай ілкімді істі жүзеге асырамыз, тағдырлас бауырларымызға мүмкіндік пен үміт сыйлаймыз», деді Таңсәуле Серіков.

Жиын соңында ерекше қажеттілігі бар жандардан құралған «Қанаттылар» театры іс-шараға қатысушыларға театрландырған көрініс қойып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Кандидаттар жиыннан кейін Қосшы тұр­ғын­дарымен кездесіп, үгіт-насихат жұ­мыс­тарын жүргізді. Оларға «Ауыл» партия­сы­­ның сайлаудағы бағдарламасын, атап айт­­қанда қала тұрғындарын ауыл кәсіпкер­лігін инвестициялауға тарту, қажетті эко­но­ми­калық ынталандырулар мен құқық­тық кепіл­діктер бере отырып, «қалалық» бизнес­ті ауыл­дарға көшіру туралы түсіндірді. Тұрғын­дар өздерін мазалаған сауалдарына тұшымды жауап алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT