Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Еңбек ұжымдарымен кездесті

медициналық ұйым
медициналық ұйым

Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Көкшетау қаласының еңбек ұжымдарымен кездесті. Штаб өкілдері алдымен полимерлерден жасалған ұнтақ жарма өнімдеріне арналған қаптамаларды шығаратын отандық ірі өндіруші кәсіпорын «Новопэк» ЖШС-ге барды.

Үгіт-насихат тобы кәсіпорын жетекшілері және жұмысшылармен кездесіп, партияның саяси бағдарламасын таныстырып, сайлаушылардың талап-тілектерін тыңдады. Жиында ұжым қызметкерлері ипотекалық несиенің жоғары пайыздық мөлшерлемесі, баспана кезегі, мүгедек балаларға көмек көрсету, халық тұтынатын тауарлардың қымбаттауы, ауылдан келген жас­тарды жұмыспен қамту сияқты мәселелерді көтерді. Мекеме қызметкері «Бізден медициналық сақтандыруға ақша ұсталады, емхана, ауруханаларда қан, зәр талдаулары тегін болғанымен басқа медициналық қызметтер ақылы және ұзын сонар кезек. Ал өз таңдауымызбен жеке клиникалардың қызметін қабылдайтын болсақ, оған да өз қаражатымызды төлейміз. Сонда біз медициналық сақтандыруға не үшін жарна төлеп отырмыз?» деген сауалын жолдады.

«Бұл өте үлкен мәселе. Нақты медициналық сақтандыруға көшу қажеттігін көп жыл бойы айтып келеміз. Қазір жасалған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры іс жүзінде «сақтандыру» емес, салық сияқты. Жұмыс істейтін адамдар тиісті жарнасын медициналық сақтандыру қорына төлеп жүр. Ал сол жиналған қаражаттарды жұмсайтын кезде жарна иелерінен сұрамай, қордың өзі игеріп отыр. Өзінің жарнасы түсетін әрбір азаматтың медициналық сақтандыру қорында жеке есепшоты болуға тиіс. Осы арқылы кез келген адам өзіне емхана мен дәрігерді таңдау керек. Сондай-ақ көрсетілген медициналық қызметке төлем жасау құзыреті өзінде болуға тиіс. Сонда қызметкерлер өз міндеттеріне ұқыптылықпен қарайды, ал жұ­мысына адал медицина қызметкерлері ауыр еңбегі үшін лайықты жалақы алады. Тіпті науқас өзін сапасыз емдегені үшін медициналық ұйым мен қызметкердің қызметтеріне төлем жасаудан бас тарта алатындай құқығы болуы керек. Нағыз әлеуметтік медициналық сақтандыру деген осы. Шын мәнінде нағыз сақтандыруға көшсек, әр адам қай клиникаға барғысы келеді? Кім дәрігердің көмегін алғысы келеді? Мұның бәрі өз таңдауыңызда әрі қолыңызда жарна салып, жинаған қаражатыңызды өз денсаулығыңыз үшін жұмсай алуыңызда. Міне, сол кезде сіздерде қазіргідей ауыртпашылық болмайды», деді Азат Перуашев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521