Миялы ауылдық округінде орналасқан №143 («Арман» мәдениет үйі), №144 (Х.Досмұхемедұлы атындағы орта мектеп), №145 (Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясы) сайлау учаскелері таңертеңгі сағат 7.00-де өз жұмыстарын бастады.
Алғашқы болып дауыс берген ауыл тұрғындары Мәлік Бегешов (№143 с/у.), Жолдас Ибрашев (№144 с/у.), Шакизада Рахметоваларға (№145 с/у.) сайлау учаскелерінің төрағалары алғыстарын айтып, естелік сыйлық табыс етті.
Бүкіл елді қамтыған саяси науқанда ерекше белсенділік танытқан ауыл тұрғыны Ыбырай Габдуллин жұбайы Витамин Әбілхайырова екеуі ертемен келіп өз таңдауын жасаса, алғашқылардың бірі болып дауыс берген 73 жастағы ауыл тұрғыны Бағдат Нұрмағанбетов:
– Бүгін еліміз үшін ерекше күн. Өйткені сайлау тарихында депутаттыққа өзін өзі ұсынуға мүмкіндік берілуде. Сайлау әділ, ашық түрде өтетін болса, шынайы демократиялық жүйе қалыптасады, - деді.