Бүгін аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Қызылқоға ауданы, Миялы ауылындағы, «Арман» мәдениет үйінде орналасқан №143-інші сайлау учаскесінің жұмысы сағат 7.00-де еліміздің әнұранын орындаудан басталды.
Сайлау учаскесінде 1966 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 13 азаматтың мүгедектігі бар.
– Сайлау учаскесінде осы учаскенің тізіміне енгізілген азаматтар, сондай-ақ есептен шығару куәліктерін ұсынған адамдар дауыс бере алады. Бюллетеньдерді өз бетінше толтыруға мүмкіндігі жоқ. Сайлаушы өзі сенетін адамның көмегін пайдалануға хақы бар. Сайлау бюллетені жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде немесе сандық түрдегі нұсқасы беріледі, - дейді аталмыш сайлау учаскесінің төрағасы Ғайни Аққалиқызы.
Бүгінгі сайлау кезінде Миялы ауылындағы спорт кешенінде кір тасын көтеру, асық ату, ләңгі тебуден спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. «Арыс» базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Алмас ҚАБДОЛОВ,
суреттер автордікі