Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Басым бағыттар баяндалды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Нұрайнаш Камалова «КазТрансОйл» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидат партия бағ­дар­ла­ма­­­сы­ның негізгі тармақтары жайында сөз қоз­ға­ды.­­ Ол­­ өз­ сөзінде сайлауалды бағдарламаның негізгі бағ­­да­ры­­ адам екендігін мәлімдеді. Үміткер атап өт­­кен­дей, мем­­лекетпен жасақталған әлеуметтік лифт­­тер­ден бү­гі­нгі күні пайда жоқ. Сол себепті әлеу­­­мет­тік қол­дау­ жүйесін құру маңызды.

Үміткердің пайымдауынша, әлеуметтік саясат­ адам­­дар­дың неғұрлым дәулетті санаттарға көте­рі­луі­не, кей жағдайларда кедейлікке ұшырамауына жағ­­­дай жасауы керек. Сонымен қатар кандидат­ ең­бек қа­уіп­сіздігі мәселелеріне де тоқталды. Бұл­­ салада өн­­ді­рістік жарақат пен жазатайым­ оқи­ға­лардың дең­гейі­ өте жоғары. Оған себеп – жұ­мыс­­ берушілердің жұ­мысшылар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерін жақсартуға қаражат бөлгісі келмейтіндігі. Бұл мәселе партияның сай­лауалды бағ­дарламасында жан-жақты қамтылған. Оны шешу жолдары да әзір.

Үміткер жағдайды өзгерту үшін бизнес оли­гар­­­­х­ат­­тың не мемлекеттің қудалауы мен қысымынан қо­­рық­­­пай, адал жұмыс істеп, салық төлей алатындай­ қо­­ғамды, бизнесті және мемлекетті тепе-теңдік кү­йі­не қай­тару қажет екенін айтты. Бұл кезде ірі ком­па­н­­иялар өз­дерінің байлығы мен мөлшері үшін жа­уап­ беріп, мем­л­­екет болса, өз азаматтарына есеп бе­ретін болады.

Кандидат партияның сайлауалды бағ­­­дар­­ла­­ма­сында жаңа Еңбек кодексін қабылдау ту­ра­лы тар­мақ­­ бар екенін атап өтті: аталған құжатта ең­бек шарт­тарын жасасу кезінде жұмыскерлер мен ж­ұ­мыс беру­­ші­лердің толық теңдігі қамтамасыз еті­ле­­тін қағидат бар.

«Ел халқының өмір сапасын жақсарту – мем­ле­кет­­­­­тің басым бағыттарының бірі. Әлем бойынша ста­­­­­тис­­тикалық деректерде жағдайымыз мәз емес. Өмір­­­ са­­пасын арттыруға бірнеше фактор әсер етеді. Жұ­­мыс­­­сыздық мәселесімен қатар, жемқорлыққа қа­тыс­ты­­ мәселелерді түбегейлі шешпейінше, мемлекеттік бас­­­қару жүйесін қалыпты жүзеге асыру мүмкін емес. Жемқорлықпен күресті күшейту керек», деді кандидат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521