Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«АУЫЛЫМ – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМ»

Осындай тақырыпта Жангелдин ауылдық округіне қарасты №146 сайлау учаскесінде «Жангелдин» мәдениет үйі алдында ауыл тұрғындарын арналған концерт болып өтті.

Концертті Әділбек Құлбатыров «Ауылға сағыныш» әнімен ашса, «Асыл әжелер» халықтық ансамблі «Туған жер Тайсойған», «Ахау керім» әндерін ерекше тебіреніспен шырқады. Сондай-ақ, Қалихан Серікбол «Әке-ана», Гүлсезім Тасқынбайқызы «Қазағым», Жеңіс Сисаманов «Құнан нар», «Ақбөбек», Рамис Әділбекұлы «Менің әкем» әндерін тамылжыта орындады. Одан бөлек, спорттық ойындар өтіп, ауыл жастары белсене қатысты.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521