Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ауыл әйелдерінің әлеуеті

«Ауыл» партиясы Шымкент қаласында «Ұлағатты әйел – ұлт ұйытқысы» атты әйелдер конгресін ұйымдастырды. Ауыл әйелдерін қолдау мақсатында өткізілген іс-шараға «Ауыл» партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Қарақат Әбден, Анна Данченко, София Әбдіразақова, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігінің негізін қалаушы, актриса Айнұр Жүгінісова, ақын Құрманай Бақтиярқызы, Олимпия ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жапарқұл қатысты.

Конгресс еліміздегі əйелдер қауымын, оның ішінде ауыл əйелдерін қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Жиынға еліміздің төрт түкпірінен келген мыңға жуық қыз -келіншек қатысты. Басқосу барысында ауыл əйелдерінің əлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал жасау жəне олардың белсенділігін арттыру мəселелері талқыланды. «Ауыл» партиясынан Мəжіліс депутаттығына кандидаттар осы мəселе төңірегінде өздерінің нақты ұсыныстарын айтты. «Бір қолымен бесік, екінші қолымен əлемді тербеткен əйел барда береке мен бірлік, мейірім мен жылу бар. Үйдің берекесі, отағасы абыройы, бала тəрбиесі, ағайын-туыс татулығы – мұның бəрі əйелге байланысты. Ауыл шаруашылығына да əйелдердің қосып отырған үлесі мол. Көпбалалы əйелдердің басым бөлігі ауылда тұрады. Яғни ауыл – қазақтың алтын бесігі, ұлттық руханият қазығы. Бойымыздағы ең ізгі қасиеттердің, тəрбиенің бастауы. 
Ауылдан шыққан қыздар қашанда салт-дəстүрге берік, инабатты, əдепті мінездерімен ерекшеленеді. Мүшелерінің тең жартысы əйелден тұратын, Мəжіліс сайлауына – 6, түрлі деңгейдегі жергілікті мəслихат сайлауына 88 əйел кандидат қатысатын «Ауыл» партиясы əрбір əйелдің еңбегіне зор құрметпен қарап, əрдайым қолдауға дайын. Партия ауыл мəселесі шешілмей, еліміздегі өзге күрмеулі мəселелердің шешілмейтінін өте жақсы біледі. 
Біздің мақсат – ауылды дамыту жəне ауыл əйелдерінің мүмкіндік аясын кеңейту, олардың əлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ету. Біз сіздердің қолдауларыңызбен Мəжіліске барғанда ауыл əйелдерінің зейнет жасын қысқарту, яғни бөлек градациямен есептеу; оларды бала тəрбиесі кезеңінде «қызметкер» деп танып, осы мерзімді еңбек өтіліне қосу; ауылдағы əлеуметтік маңызы бар мекемелерде еңбек етіп жүрген əйелдер үшін ауылдық коэффициент енгізу мəселесін көтереміз. Қоғамның қозғаушы күші болған əйел-аналар бізді қолдаса, партияда алынбайтын асу, қарсы келер қамал қалмайды», деді кандидат Қ. Əбден.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521