Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ауаның ластануы алаңдатады

науқанның маңыздылығы
науқанның маңыздылығы

Елорданы газбен қамтамасыз ету – экологияны оңалтудың басты жолы. Бұл ретте «Байтақ» партиясының мүшелері елордада тұрса да, әлі күнге дейін көмір жағып, газдандырылмаған үйде тұратын тұрғындармен кездесті.

«Қазгидромет» мекемесінің өткен жылғы дерегіне сәйкес, Астана мемлекетіміздің ең лас қалаларының қатарына қосылған еді. 2019 жылы елордада атмосфераға 108 мың тонна ластаушы зат таралыпты. Оның 29%-ы – жеке секторға тиесілі.

Кездесу барысында партиялықтар тұрғын­дар­дан не себепті әлі күнге дейін газ өткізілмегені туралы, газбен жабдықтау желілерінің құны, газ орнатудағы қандай қиыншылық кездесетіні жайын­­­­да сұрап, оның шешім жолдарын қарас­тыр­ды. Эколог мамандар қаланы газдандыру ауаға таралатын зиянды қалдықтарды 6 есе, қат­ты заттарды 40 мың тоннаға дейін азайтады деп болжап отыр. Байтақтар елорданы газға көшіруді жылдамдатуға белсене атсалысып жүр. Бұл саладағы жұмыстар неғұрлым тезірек жүзеге асса, соғұрлым қаланың экологиясына жақсы әсер етпек. Әрі жеке үйлерде тұратын тұрғындардың өмір сүру сапасы да жақсара түседі.

Кездесу аясында тұрғындарға алдағы нау­қан­ның маңыздылығы мен партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен түсіндірілді. Аймақтағы өткір мəселелер көтеріліп, шешу жолдары пы­сықталды. Бұған дейін «Байтақ» жасылдар партиясы «Таза өмір» атты бір апталық эко­ло­гия­лық марафонын бастаған болатын. Іс-шараға ауасы ластанған қалалардың тұрғындары, эко­бел­сенділер мен партия жақтастары қатысып жатыр. Акция өнеркəсіптік кəсіпорындардан атмосфералық ауаны ластаушы заттардың шыға­рылуын азайтуды мақсат етіп отыр. Себебі ірі өнеркəсіптік қалаларда тұратын адамдар ден­сау­лық­қа əсер ететін зиянды жəне улы заттарға толы ауамен тыныс алуға мəжбүр. «Біз жеке сектордың көмір отынынан табиғи газға көшуін жəне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды көздейміз», дейді партия басшылығы. Партиядан Парламент Мəжіліс депутаттығына тізім бойынша 18 кандидат ұсынылғанын атап өткен жөн. Олардың қатарында əйелдер квотасы бойынша – 4, жастар квотасымен – 1, мүгедектігі бойынша 1 үміткер бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT