Атырау өңірінде жергілкті уақытпен таңғы сағат 7.00-де 269 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.
Олар сағат 20.00-ге дейін ашық болады. Бүгін аймақта 269 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Оның 11-і – жабық. Олар медициналық мекемелерде, әскери бөлімдерде және уақытша ұстау изоляторларында орналасқан. Физикалық мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беру орындарына қолжетімділігі – айрықша бақылауда. Онда сайлаушылар бес бюллетеннен алады: Парламент Мәжілісі, облыстық және аудандық мәслихат кандидаттарына. Мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға барлық жағдай жасалған. Сайлау комиссиялары материалдық-техникалық жабдықтармен және методикалық құралдармен толықтай қамтылған.