Бүгінгі саяси дода облыста ҚР Орталық референдум комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес ұйымдастырылып отыр.
Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың айтуынша, өңірде 9 аумақтық (63 мүше), 274 учаскелік (1974 мүше) референдум комиссиясында барлығы 2037 мүше бар. Облыс бойынша барлығы 274 референдум учаскесі қызмет етеді. Олардың 11-і азаматтардың уақытша болу орындарында құрылған.
Атап айтқанда, 9-ы – емдеу мекемесі, 1-еуі – тергеу изоляторы, 1-еуі – әскери бөлімше. Айта кету керек, облыста республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 411 880 азамат тіркелген.
Өз тілшіміз