2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының баспа-релизі
19 ақпан 2023 жыл Атырау қ.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2023жылдың 18 ақпаны, сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Атырау облысы бойынша барлығы 496 кандидат ұсынылды, оның ішінде 462 кандидат (93,14%) тіркелді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатын сайлау бойынша №13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша 20 кандидат ұсынылды: 4 кандидат (немесе 20%) 4 саяси партияның (Аманат, Ақжол, Ауыл, ЖСДП) ұсынуымен, 16 (немесе 80%) - өзін-өзі ұсынушылар.
1 кандидат заң талаптарына сәйкес келмеді (өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар). 6 кандидатқа тіркеу үшін көзделген барлық құжаттарды ұсынбауына байланысты тіркеуден бас тартылды.
Тіркеу қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына 13 кандидат тіркелді немесе 65% (бір мандатқа 13 адамнан келеді). Оның ішінде 10 кандидат (77%) өзін-өзі ұсыну тәртібімен, 3 кандидат (23%) саяси партиялармен ("AMANAT", "Ауыл", ЖСДП). Тіркелген кандидаттардың 7-і (53,84%) ерлер, 6-ы (46,16%) әйелдер.
Облыс бойынша 9 мәслихатта 140 депутат сайлануы керек, оның ішінде 30-ы облыстық мәслихатқа, 25-і қалалық мәслихатқа, 85-і аудандық мәслихаттарға. Облыстық мәслихатқа 30 депутаттың 15-і (50%) партиялық тізімдер бойынша сайланады.
Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 6 партиялық тізім тіркелді, оның ішінде 66 кандидат бар ("Ақ жол" ҚДП – 10 кандидат, "AMANAT" партиясы - 30 кандидат, "Ауыл" ХДПП - 7 кандидат, «Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 5 кандидат, Қазақстан Халық партиясы – 9 кандидат, "Respubliсa"партиясы - 5 кандидат).
Партиялық тізімдерді тіркеуге дейін "AMANAT" және "Байтақ" партияларының ұсынулары бойынша партиялық тізімдерден бір-бір кандидаттан алынып тасталды.
Тіркелген тізімдерде әйелдер мен жастар өкілдерінің қажетті квотасын әрбір саяси партия сақтады, бұл санаттар 41%- құрады.
Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі 125 бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 408 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 383 кандидат (93,87%) тіркелді.
Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 15 бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 50 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 46 (92%) кандидат тіркелді.
Атырау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша 84 кандидат ұсынылды, оның ішінде 73 кандидат (87%) тіркелді, аудандық мәслихаттар бойынша 274 кандидат ұсынылды, оның ішінде 264 кандидат (96,35%) тіркелді.
201 кандидат (52,5%) өзін - өзі ұсыну тәртібімен, 180 кандидат (47%) саяси партиялармен ("AMANAT" - 124, "Ауыл" - 19, ҚКП - 19, "Ақжол" - 16, ЖСДП - 2), 2 кандидат (0,5%) қоғамдық бірлестіктермен ұсынылды.
Орташа алғанда, бір мандатқа 3 адамнан келеді.
Ұсынылған 408 кандидаттың 13-і жеке өтініштері негізінде тіркелгенге дейін тіркеуден алынып тасталды, 12 кандидатқа барлық құжаттарды ұсынбауына байланысты тіркеуден бас тартылды.
Тіркелген кандидаттардың 300-і (78,3%) ерлер, 83-і (21,7%) әйелдер.
Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер БАҚ-та жарияланды және сайлау комиссияларының atyrau.gov.kz интернет ресурсында орналастырылды
Барлық іс-шаралар сайлау туралы Конституциялық заңға және Күнтізбелік жоспарға сәйкес өтуде.
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы
тел. 956638, 956653, 354461
интернет-сайт: atyrau.gov .kz