Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

5 мыңдай қазақстандық шетелде дауыс берді

 ОСК деректері бойынша 5 мыңға жуық қазақстандық шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс берді.

Бұл шетелдегі сайлаушылардың жалпы санының 42% құрайды. Республикадан тыс сайлаушылардың жалпы саны — 12 016 адам. Сондай-ақ, шетелде 11 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады. 66 учаске жұмысын жалғастыруда. Шетелде дауыс беру барысы туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтып берді. "12 халықаралық ұйым мен 41 мемлекеттен 793 бақылаушы аккредиттелген. Олармен қатар сайлауды бақылауға 236 шетелдік журналист қатысады. Астана мен Алматыда барлық қажетті техникалық құралдармен жарақтандырылған халықаралық байқаушылар мен шетелдік журналистерге көмек көрсету орталықтары ашылды. Бүгін таңертең бақылаушылар өз спикерлерін брифингтер мен конференциялар режимінде ұсынады" деді Роман Василенко. Шетелде дауыс беру Сан-Францискода (АҚШ) 20 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 9:00-де аяқталады. Шетелде 62 мемлекетте 77 сайлау учаскесі орналасқан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз