Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

30 сайлаушы үйден дауыс берді

Тасшағыл ауылдық округіне қарасты учаскелік сайлау комиссиясының алдында  ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлап, қазақтың ұлттық ойындары асық ату, арқан тартыстан және ләңгі тебу мен гір тасын көтеруден сайыс ұйымдастырылды.

Осы орайда, ауыл өнерпаздары әсем ән шырқап, мың бұрала  би биледі. Одан бөлек ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.  Сонымен қатар, жаңа әдебиеттерді таныстыру мақсатында кітап көрмесі де ұйымдастырылды. 
Аталған аталған учаскелік сайлау комиссиясында түскі сағат 16:00-ге дейін сайлаушылардың 62,72 пайызы дауыс берді. Денсаулығына байланысты комиссия мүшелеріне үйге шақырту беріп, өз таңдауларын жасауға өтініш білдірген отыз сайлаушыға комиссия мүшелері дауыс беру жәшігін жеткізді.

Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз