Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 makat70@mail.ru

Атырау облысындағы энергия мекемелері бойынша 2020 жылғы 5 қазанға ақпарат

05.10.2020 жылғы 07:00 уақыттағы жедел ақпаратқа сәйкес, Атырау облысындағы энергия мекемелерінде болған технологиялық бұзушылықтар, т.б. жағдай бойынша Атырау аймағындағы жылуэлектр орталықтарында:

1. «АЖЭО» АҚ электрстанциясында 8 қазандық агрегаты, 8 турбина агрегаты жұмыс істейді (қорда - 6 қазандық, 2 турбина агрегаттары бар; 1 турбина агрегаты жөндеуде). Қолда бар электрэнергиясының қуаты 342МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 205МВт. «АЖЭО» АҚ-ның қоймасында жанармайдың қажетті қоры сақталған (5 күнге 4547тонна). Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 2207400м3.

2. Ал, «АМӨЗ» ЖШС–і ЖЭО–да 6 қазандық агрегаты, 3 турбина агрегаты жұмыс істейді (1 қазандық, 1 турбина агрегаты жоспарлы жөндеуде тұр). Қол жетімді электр энергиясының қуаты 30МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 19,3МВт. Қоймада жанармайдың қажетті қоры сақталған (10 күнге 1270 тонна). Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 290133 м3.

3. «Қашаған» электрстанциясында 5 турбина агрегаты жұмыс істейді. (1 турбина агрегаты резервте, 2 турбина агрегаты жоспарлы жөндеуде тұр). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 311,56МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерациясы 130МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 950000 м3.

4. «ТШО» электрстанциясында 8 турбина агрегаты жұмыс істейді. №6,3 турбина агрегаты резервте тұр. Қолжетімді электр энергиясының қуаты 472МВт. Сұраныс бойынша генерациясы 204МВт құрайды. Көрсетілген кезеңде Атырау облысындағы энергия мекемелерінде технологиялық бұзушылықтар тіркелмеген.

 

Ж.М.АЙТКАЗИЕВ,

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық Департаментінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Сайлау

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз