Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қарттар күні: Атыраудың тергеу изоляторында отырғандар ата-аналарын құттықтады

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде 2 қазан – Халықаралық қарттар күнімен сотталғандар бостандықтағы ата-аналарын құттықтады.

Санитарлық талаптарды қатаң сақтанып отырған тергеу изоляторы, қуанышқа толы құттықтау шарасын, онлайн түрде Skype байланыс бағдарламасы арқылы өткізді. - Жас баладай толқып отырмын, - дейді сотталған Серік (аты өзгертілді).

– Бостандықта болсам қарт анам мен әкеме гүл мен тортымды алып, қыздарым мен ұлдарымды жетектеп, мәре-сәре болып құттықтайтын едім. Тағдыр осылай болып қалды, бірақ осыған да шүкір. Анамды көретініме қуаныштымын.

47-жастағы Азамат осы жылы ҚР ҚК 297 бабының 1 бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) 4 жылға сотталған. Бостандықта оның 3 баласы және 73 жастағы әкесі мен 71 жастағы анасы қалған.

- Әкем өмір бойына көлік жүргізушісі болып қызмет атқарып, анам – дүкенші болып жұмыс істеді. Қарапайым отбасында болып, ешқашан біреуден-бір нәрсе сұраған емеспіз. Әке-шешеміз бағып-қағып өсірді. Жұрттан кем қылмады, - дейді Азамат. Азамат әңгімесін аяқтай болғаны сол еді, Skype арқылы байланыста орнатылды. Алдымен амандасып, аман-саулық сұрасып, анасы мен әкесіне тілектерін айтты.

- Біздің қазынамыз – өздеріңізсіздер. Бұйыртса осы жерден шыққасын, сіздерге тек қуаныш сыйлайтын боламын. Сіздер беріп жіберетін сәлем-сауқатты алып, сіздермен бірге шәй ішіп отырғандай күй кешемін. Аман болыңыздар! – деді Азамат көзіне жас алып.

- Өзіңді күт. Бізден алыс емес, қасымыздасын. Жақсылап тамағыңды ішіп жүр. Жылы киімдер беріп жіберемін,-деді анасы.

- Қандай сезімдесің? – деп сұрадық Азаматтан.

- Мекеме әкімшілігіне рахмет! Анамды көру бұйырды. Тек қарттарымыз аман болсын! – деп қуанышты Азамат сөзін аяқтады.

-Осындай әңгімелесу басқа да сотталғандармен болды. Тәрбие бөлімінің басшысы Қаламқас ӘШІРХАННЫҢ айтуынша, кездесулер сотталғандардың тезірек оңалып шығуына жақсы әсерін тигізеді. - Осындай шаралардан кейін, олардың бостандыққа деген құлшыныстары артып, көңілді жүреді. Сол себепті барлық мейрам сайын олардың туыстарын шақырып, мекеме аумағында кездесулерді жиі өткізіп тұрамыз. Қазір карантин болғаннан соң, кездесулер виртуалды түрде болып жатыр,-дейді Қаламқам Әшірхан.

Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз-қызметі хабарлағандай, тергеу изоляторында 150-ден астам күдікті мен 11 сотталған отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521