Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жергілікті БАҚ өкілдерімен брифинг өткізілді

Аудандық сотта, 2025 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар мен жаңашылдықтарды, істердің сотқа түсу, қаралу көрсеткіштерін саралау барысында, соттың ашықтығы мен қолжетімділігін насихаттап, жергілікті «Қызылқоға» газетінің бас редакторы Б.А.Сисеновтың қатысуымен брифинг  өткізілді.

Аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы А.Е.Байназаров шараны ашып, әрі қарай шараны өзі жүргізіп, 2025 жылдың 12 айындағы қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің сотқа түсу көрсеткіші, кейбір өзекті тақырыптардағы сотқа көп деңгейде түскен істер санаттары жөнінде статитсикалық деректерге тоқталып, олардың қаралуы, көбею салдары мен себептері жөнінде кеңінен айтып жеткізді. Аталған мерзімде сотқа түскен азаматтық істердің басым бөлігі – бұйрық шығару тәртібіндегі істер және банкрот ден тану санатындағы азаматтық істер, несие берешектерді өндіру, сондай-ақ шығынды өндіру туралы істердің көбею көрсеткіштері артып отырғанын, ал әкімшілік істерден - алкоголдік масаң күйде көлік жүргізгендер (608-бап) мен отбасы тұрмыстық қатынастар аясындағы,(73-бап) сонымен қатар, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы,(517-бап) алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу (440-бап) және Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау (669-бап) әкімшілік құқық бұзушылық істердің көбеюіне баса назар аударылды. 2025 жылдың 12 айында – 154 азаматтық іс тоқтатылған болса, оның 147-сі судья медиатормен медиация тәртібімен татуласқан болса, 7-уі бітімгершілік келісіммен татуласып аяқталғанын, бұдан басқа, істердің апелляциялық сатыда қаралу көрсеткіштері, заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтырулар, басқа да аудандық сотпен сот жүйесін ақпараттық сүйемелдеу бағытында атқарылған қоғамдық жұмыстар мен БАҚ бойынша жұмыстары кеңінен әңгімеленді.

 Шара барысында, басқа да сот жұмысына қатысты өзекті тақырыптар төңірегінде пікір алмасулар болып, орын алған кейбір сауалдарға сот төрағасымен тұшымды жауаптар беріліп, заң тұрғысынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Қызылқоға аудандық соты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT