Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Айналма бөгеттерді көтеру жұмыстары жүргізілді

Миялы ауылдық округінде көктемгі су тасқынының алдын алу және елді мекен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл маңында айналма бөгеттерді көтеру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда тиісті қызметтер тарапынан жағдай тұрақты бақылауда.

Осыған байланысты ауылдан Төрт көл бағытына шығатын жол учаскелерінде уақытша өзгерістер енгізіліп, жол жиегінде арнайы техникалар мен қорғаныс құрылымдары орналастырылған. Аталған бағытта көлік қозғалысы кезінде аса мұқият болуларыңызды сұраймыз.

Құрметті жүргізушілер!

Жылдамдық режимін сақтап, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануларыңызды, жол белгілеріне назар аударып, қауіпсіздік талаптарын орындауларыңызды өтінеміз. Қажет болған жағдайда балама бағыттарды пайдалануды ұсынамыз. Баршаңызды түсіністік танытып, қауіпсіздік шараларына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. 

Миялы ауылдық округі әкімдігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT