Кенбай орта мектебінде «Заң – тәртіп пен әділеттің негізі» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараға Сағыз жастар ресурстық орталығының мамандары және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторлары қатысып, оқушыларға заң талаптары, құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында қоғамдағы тәртіпті сақтау, жауапкершілік, құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері қозғалып, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары айтылды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың заңға деген құрметін арттырып, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.



