Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҒАСЫР ДЕРТІН ӘЖУАЛАҒАН САЙЫС

    Қазіргі таңда қоғамға жат құбылыстардың бірі – жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлық екендігі даусыз.  Соның салдарынан талай жас нашаға тәуелді болып, оқуынан, жұмысынан айырылса, енді бірі есірткі өнімін сатушылардың жарнамасына алданып, өмірін темір тордың арғы жағында өткізуде.  Бұл жаман әдеттен жастарды сақтандыру үшін түрлі іс-шаралар өткізіп, есіркітінің зияны туралы жан-жақты ақпарат берсе керемет емес пе?!

Соның бір айғағындай, сейсенбі күні «Арман» мәдениет үйінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ» атты аудандық «Әзіл Fest» сайысы өтті. Оған Жангелдин, Сағыз, Жамбыл, Көздіғара ауылдық округтерінен командалар қатысып, үш бөлім бойынша өзара сынға түсті. «Сәлем – сөздің анасы» атты алғашқы бөлімде жангелдиндік әзілкештер жақсы ойынымен көзге түссе,  «Нашақорлық – қоғам дерті» атты бейнеролик дайындау бөлімінде сағыздықтар мен көздіғаралықтар қазіргі қоғам дертін ашып көрсетті. Ал  «Әзіл Fest»  бөлімінде  көздіғаралық команда көрерменді күлкіге қарық қылса, қалған командалар бір-бірінің интермедияларын қайталап қойып шықты. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен Көздіғара ауылдық округінің командасы бас жүлдеге ие болса, бірінші орынды Жангелдин, екінші орынды Сағыз, үшінші орынды Жамбыл ауылдық округінен келген әзілкештер жеңіп алды. Ал, үздік ойынымен көзге түскен сағыздық Мәдина Бақтыгерей арнайы Алғыс хатқа ие болды. Жеңімпаз-жүлдегерлер бөлім атынан диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды. 
    Әрине, сайыс өз дәрежесінде жақсы өтті. Алайда, аудандағы он ауылдық округтен тек төрт команда қатысқаны көңілге кірбің ұялатты. Сонда «Аудандық деңгейде ұйымдастырылған шараға команда қатыстыра алмаған өзге ауылдық округтер жаман әдетпен күресуге де, жастар мәдениетін көтеруге де аса бір құлық танытпағаны қалай?» деген сұрақ көкейде сайрап қала берді. 

    Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT