Жастар арасында құқық бұзушылық пен есірткіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында Б. Аманшин атындағы орта мектебінің оқушыларымен профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жастарға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың салдары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ есірткінің адам денсаулығына, өміріне және болашағына тигізетін ауыр зардаптары айтылды. Шара аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болу және дұрыс өмірлік бағыт таңдаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамға жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
К. Әбіш



