Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Лудомания – цифрлық дәуірдің қауіпті дерті

Бұрынғы құмар ойындар белгілі бір ортада, бірнеше адамның қатысуымен шектелсе, бүгінгі цифрлық технологиялар лудоманияны әлдеқайда қауіпті деңгейге жеткізді.

Ұялы телефон мен интернеттің қолжетімділігі адамды оңаша отырып-ақ үлкен қаржыдан айырылуға итермелейді. Ең қауіптісі – бұл тәуелділік сырт көзге бірден байқалмайды, ал салдары тым ауыр. Лудоманияның зардабы жеке адаммен шектелмей, тұтас қоғамға әсер етуде. Отбасының шайқалуы, жастардың білімнен қол үзуі, кәсіби мамандардың жұмысынан айырылуы, тіпті қылмысқа баруы – осы дерттің нақты көріністері. Мұның бәрі ойынқұмарлықтың жай ермек емес, әлеуметтік қауіп екенін дәлелдейді.

Сондықтан лудоманиямен күрес тек тыйым салумен шектелмеуі тиіс. Қоғамда алдын алу шараларын күшейтіп, жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, психологиялық көмек жүйесін жетілдіру, отбасылық тәрбиеге мән беру аса маңызды. Ең бастысы – әр азамат бұл дерттің зардабын терең түсініп, жауапкершілікпен қарағанда ғана қоғамды іштен ірітетін бұл қауіптің алдын алуға болады.

К.Әбіш 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT