Қазақстан Республикасында 2026 жылға жоспарланған конституциялық реформа аясында Ата Заңның жаңа жобасы ұсынылды. Бұл бастама елдің құқықтық жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге және қоғам дамуының заманауи талаптарына толық жауап беретін құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған.
Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің стратегиялық даму бағдарын айқындап, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуді, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауды және құқық үстемдігін нығайтуды көздейді. Реформа аясындағы маңызды бағыттардың бірі – білім мен ғылымды, мәдениет пен инновацияларды мемлекеттің негізгі басымдықтары ретінде бекіту. Бұл салалар елдің ұзақ мерзімді дамуының тірегі болып саналатыны атап көрсетілген. Білім мен ғылымды қолдау адами капиталды сапалы дамытуға, ал инновациялар мен мәдениет зияткерлік әлеуетті нығайтуға және ұлттық бірегейлікті сақтауға негіз болады.



